02 наурыз 2022 14:53

Министр Шәпкенов қанша жалақы алатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қанша жалақы алатынын айтты және жәрдемақы туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қанша жалақы алатынын айтты және жәрдемақы туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандағы мүгедектер бірнеше рет Еңбек министрлігі ғимаратына жиналып, шығуыңызды өтінді, жәрдемақыны көтеруді сұрады. Олардың жәрдемақысы 35-65 мың теңге. Неге олардың алдына шықпадыңыз? Жәрдемақы көтеріле ме? Қазақстанда 35 мың теңгеге өмір сүре аласыз ба, айлығыңыз қанша" - деп сұрады журналистер Мәжіліс отырысынан кейін Шәпкеновтен.

Министр қарбалас жұмыс кестесіне тоқталып, соған байланысты азаматтар Еңбек министрлігі ғимараты маңында жиналған кезінде ол жиналыста немесе жолда болуы мүмкін екенін айтты.

"Менде белгілі бір жұмыс кестесі бар. Азаматтарды алдын ала жазылу арқылы қабылдайтын уақыт бар. Оларға кеңесшім шығады. Егер тек министрмен кездескісі келсе, оларды кездесуге жазамыз, кейін міндетті түрде қабылдаймын", - деп сендірді Шәпкенов. 

Ол жәрдемақы мен жалақыны салыстырмауды сұрады.

"Менің жалақым миллион теңге. Қолыма миллион алып отырмын. Жәрдемақы дегеніміз не? Жәрдемақы - "көмек" деген сөзден шыққан. Сондай-ақ, жәрдемақы жалақы деңгейінде болуы керек деуге болмайды. Біреулер жұмыс істейді, еңбектенеді айлық алады, ал біреу дәл сондай жәрдемақы ала ма? Бұлай болмайды. Ешқандай дамыған елде бұл қарастырылмаған", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети