08 ақпан 2022 12:55

Досаев әл-Фараби даңғылындағы 2 миллиард тұратын жөндеу жұмыстарын тоқтатты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев әл-Фараби даңғылындағы жөндеу жұмыстарын тоқтатты. Қаржы басқа мақсаттарға жұмсалады. Бұл туралы қала әкімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Досаевтың айтуынша, бұған дейін Алматының басты көшелерінің бірін жөндеуге екі миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражат қаланың жөндеуді қажет ететін аудандарына жол салу және жөндеу жұмыстарына бағытталады.

"Әл-Фараби даңғылы, ШААЖ-дан Саин көшесіне дейін жөндеуге бөлінген қаржыны сапасы сын көтермейтін жолдарды жөндеуге немесе кейбір аудандарда жол салуға бөлу туралы шешім шығардым. Резервтерді іздеу бойынша жұмыс жалғасады", - деп мәлімдеді Ерболат Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети