13 шілде 2023 11:00

Досаев қала тұрғындарынан жөндеуге жабылған жолдар үшін кешірім сұрады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы тұрғындары қала әкімінен мегаполистің екі негізгі даңғылы неліктен бір мезгілде жөндеуге жабылғанын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматы тұрғындары қала әкімінен мегаполистің екі негізгі даңғылы неліктен бір мезгілде жөндеуге жабылғанын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл мәселе Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде көтерілді.

"Қазір барлық алматылықтарды толғандыратын сұрақ, неліктен екі негізгі жол - Әл-Фараби мен Абай көшелері бір мезгілде жабылды? неге айналма жолдар немесе басқа қозғалыс бағыттары жасалмады? Ең маңыздысы, мұның бәрін қашан аяқтайды? – деп сұрады қала тұрғындары.

Осыған жауап ретінде Ерболат Досаев бұл даңғылдардың 2010 және 2012 жылдан бері жөндеу көрмегенін еске салды. Әкімнің айтуынша, биыл жаз мезгілі асфальттардың жол қозғалысына төтеп беру уақытының соңғы кезеңі екен.

"Егер менің шешімдерім біреулерге қолайсыздық туғызса, Бостандық ауданының тұрғындарынан ғана емес, бүкіл Алматының тұрғындарынан өзім және әкімдік атынан кешірім сұрағым келеді. Бірақ өкінішке қарай, үлкен мегаполистерді дамыту мәселелері, тек Алматы ғана емес, жол инфрақұрылымын ретке келтіруге байланысты болып отыр.

Неліктен біз биыл екі негізгі жолды бастадық? Бұрынғы сөзімде айтқанымдай, Әл-Фараби көшесі 2010 жылдан бері, Абай көшесі 2012 жылдан бері жөндеу көрмеген. Кәдімгі күрделі жөндеу циклі бес жылдан, кейде жеті жылға дейін. Біз екі күрделі жөндеу кезеңін өткізіп алдық. Мамандардың айтуынша, биыл осы екі жолды жасамағанымызда, қыста қиналатын едік. Келесі жылғы көктемде жолдың сапасына қатысты бірнеше мәселе бар", - деді Досаев.

Ол осы даңғылдардағы жөндеу жұмыстары кезінде айналма жолдардың болмауына да тоқталды.

"Ескертулерімізді ескеріп, айналма жолмен жүріп, көмектескен барлық басқа тұрғындарға алғысымды білдіремін, бұл да үлкен атсалысу, қазіргі жағдайды түсінгені үшін шын жүректен алғыс айтамын.

Бүгінде негізгі көлік кептелісі Әл-Фараби – Жароков көшелерінде басталды. Егер сізбен мен жүретін жол инфрақұрылымына қарасаңыз, онда Дулати көшесінде апаттық жолдар жоқ және біз кері қозғалыс жасай алмаймыз. Розыбакиев пен Жароков көшелерінде жол айрығы қарсы жолақта қозғалысты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан кеше алғашқы мүмкіндік түскен бойда біз Сырғабековтен Есентай көпіріне дейінгі кері қозғалысты ашып, негізгі жүктемені алып тастадық. Біз әл-Фарабидің оңтүстік жағын жөндеу кезінде сабақ алдық және осы тәжірибені солтүстік бөлігінде де ескеретін боламыз", - деді Алматы әкімі.

Сондай-ақ Ерболат Досаев Әл-Фараби мен Абай даңғылдарындағы көлік қозғалысын сағат сайын жеке өз бақылауында ұстайтынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети