20 маусым 2023 11:56

ДСМ балалардың газдалған сусыннан уланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

WhatsApp-та "Тархун" сусынын ішіп, уланған баланың қайтыс болғаны және басқа балалардың газдалған сусындардан қатты уланып қалғаны туралы фейк ақпарат тағы да таралды. ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

Хабарламада "Тархун" және "Ситро" газдалған сусындары ғана емес, сонымен қатар "M&M’S" дражесі, "Milky way" шоколады, "Дюшес" және "Барбарис" кәмпиттері және басқа да бірқатар тағамдар қауіпті деп танылғаны айтылған.

ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тізімдегі бірде-бір өнім қауіпті деп танылмағанын, сондай-ақ Қазақстанда газдалған сусыннан қатты улану жағдайлары тіркелмегенін хабарлады.

"ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде таралған азық-түлік өнімдері туралы ақпарат фейк деп танылып, шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Сондықтан жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз, ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты пайдалануға шақырамыз", – деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, газдалған сусын ішіп, уланған балалар туралы хабарлама ресейлік қолданушылар арасында 2019 жылы таралған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети