ДСМ вакцинация аралығын нақты белгілеуі тиіс - Мамин

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДСМ вакцинация аралығын нақты белгілеуі тиіс - Мамин Фото: Tengrinews.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне вакцина дозалары арасындағы аралықты нақты белгілеуді тапсырды. Бұл ретте халықтың қалауы мен тілегі ескерілуі қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне вакцина дозалары арасындағы аралықты нақты белгілеуді тапсырды. Бұл ретте халықтың қалауы мен тілегі ескерілуі қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өңірлерде халықты вакциналауды ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауда ұстасын. Бұл ретте ниет білдірушілердің вакцинаны таңдауға және тиісті ақпарат алуға құқығы болуы тиіс. Әсіресе, Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялар арасындағы аралықты нақты белгілеп, халықтың қалауы мен тілегіне жауап беруі керек", - деп тапсырды премьер-министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Мамин шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторинг топтарының жұмысын жалғастыруды тапсырды.

"Ashyq қосымшасын қолдану оң тәжірибе көрсетіп отыр. Осының арқасында қызмет көрсету саласындағы бизнес мүмкіндіктері жақсарды, мекемелерге келушілер қауіпсіздігі артты. Қосымшаны қолдану аясын одан әрі кеңейту керек", - деді ол.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандықтар вакциналаудан кейінгі 21-ші күні екінші компонентпен егіле алмай жатқанына шағымданған еді, өйткені жергілікті вакцина егу орындарында дәрігерлер бас мемлекеттік санитаряи дәрігерінің қаулысына сілтеме жасай отырып екпе салудан бас тартқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети