Дубайда қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылды: СІМ істің мән-жайын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дубайда қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылды: СІМ істің мән-жайын ашты Фото: azh.kz

Қазақстан СІМ Дубайдың бірінші сатыдағы соты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кескен Қазақстан азаматына қатысты жаңа деректерді хабарлады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, іс бойынша апелляциялық шағым түсірілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстан СІМ Дубайдың бірінші сатыдағы соты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кескен Қазақстан азаматына қатысты жаңа деректерді хабарлады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, іс бойынша апелляциялық шағым түсірілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев ведомствоның Біріккен Араб Әмірліктерінде сотталған Қазақстан азаматына қатысты жағдайдан хабардар екенін айтты.

"Құзыретті органдардан алынған ресми ақпаратқа сәйкес, биылғы 18 наурызда Дубайдың бірінші сатыдағы соты азаматты қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын және айыппұл белгіледі", - деді Жетібаев.

Әмірлік тарапының мәліметінше, қазақстандық - БАӘ-нің құзыретті органдары 2025 жылы қозғаған қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың бірі.

"Аталған қылмыстық іс адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге байланысты ауыр қылмыстар санатына жатады", - деп атап өтті СІМ ресми өкілі.

Қазіргі уақытта іс бойынша апелляциялық шағым түсірілген.

"Осыған байланысты үкім заңды күшіне енген жоқ. Сыртқы істер министрлігі мен елшілік бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр", - деп толықтырды Жетібаев.

Дубайдағы қылмыс

Бұған дейін 22 жастағы қазақстандықтың БАӘ-де өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны хабарланған. Ол кезде СІМ Дубайдың бірінші сатыдағы соты оны бірқатар ауыр қылмыстар бойынша кінәлі деп танығанын, бірақ апелляциялық шағымның берілуіне байланысты үкім әлі заңды күшіне енбегенін хабарлаған еді. Ведомство Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы консулдық-құқықтық көмек көрсетуді жалғастырып жатқанын атап өтті.

Кейінірек Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев қазақстандықты экстрадициялау мәселесі әзірге талқыланбайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, алдымен бүкіл сот процесі аяқталуы тиіс, содан кейін ғана алдағы шешімдер қабылдануы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.99   547.77   6.66 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер