Дүние жүзіндегі ең үлкен тікұшақ ШҚО-дағы өртті сөндіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүние жүзіндегі ең үлкен тікұшақ ШҚО-дағы өртті сөндіреді

ІІМ ТЖ комитеті Шығыс Қазақстан облысы "Семей орманы" резерватындағы өртті сөндіруге Ми-26Т тікұшағын жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметке сілтеме жасап. 

"Сағат 07:45-те Көкшетаудан дүние жүзіндегі ең үлкен тікұшақ Ми-26Т Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданындағы өртті сөндіруге жіберілді. Борт бір сәтте 10 тонна су төге алады. Одан бөлек, бортта өртті сөндіруге атсалысатын Көкшетау горнизонының 30 мүшесі бар", - дейді Нұрахмет. 

МИ-26 - ауыр, көп функциялы ресейлік тікұшақ. Бұл - дүние жүзіндегі ең ірі сериялық шығарылымдағы тікұшақ. 20 тоннаға дейін техника мен ірі габаритті жүктерді сыртқы аспада не жүк кабинасында тасымалдай алады. Ми-26Т модификациясы өртті сөндіру үшін әзірленген, сонымен қатар жүктерді тасымалдау үшін де қолданылады. Мысалы, 1999 жылы Ми-26Т 20 мың жыл бұрын өлген мамонт пен мұздың 20 тонналық кесегін тасымалдау үшін пайдаланылды.

Еске салайық, кеше, 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы "Семей орманы" резерват аумағында өрт шыққан. Алдын ала болжам бойынша, өрт аумағы - 100 гектар. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети