Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Дүйсенова ата-аналарды балаларына жұмыстан ерте босату туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді

06 Қазан 2016, 12:21
11
Тамара Дүйсенова. © Тұрар Қазанғапов
Тамара Дүйсенова. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің ата-аналарды балаларына жұмыстан ерте босату туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ата-аналар үнемі жұмыста болатындықтан олардың балаларын тәрбиелеуге уақыты қалмайды. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер де көп. Қазіргі кезде ата-аналар жиналысына келетіндер саны 10-15 пайызды ғана құрайды. Біздің есебіміз бойынша, 11 жылда ата-аналардың 50 пайызы мектепке келмеген", - деді білім және ғылым министрі мәліметтер келтіре отырып.

"Міне, дұрыс. Мұны жұмыс берушілерге айту керек", - деді Дүйсенова Сенаттың үзілісінде. 

"Жалпы Еңбек кодексінде жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға жеңілдіктер бар, олар келісімшартқа байланысты түскі үзілісте ұзағырақ уақыт ала алады. Себебі олар баласын тамақтандыруы тиіс. (...) Еңбек кодексінде барлығы жазылған, барлығы сол міндеттерді орындауы тиіс. 8 сағаттық жұмыс күні барлық жақта жазылған ғой", - деді министр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (11)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай