“Дядя Дональдтан“ жалынды сәлем!“ Депутат ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды талап етті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елде ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елде ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат сауалын премьер-министрге және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына жолдады.

"​Кеше ғана әлемдік саясатта елеулі орын алып, бүкіл халықаралық қауымдастықты өзіне қаратқан АҚШ президентінің ресми ұлықтау рәсімі өтті. Осы күнге дейін әлемнің көптеген елінде адам құқығын қорғау, либералдық көзқарасты қалыптастыру мен азаматтық қоғам орнатуды көздеген құрама штаттарда 47-президент Дональд Трамп бұдан былай екі жынысты бекітті. Яғни АҚШ-та ер мен әйел жынысы заңмен шегеленді" - деді ол.

Жаңбыршиннің айтуынша, "бұл - ЛГБТ-ға, яғни табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарға Қазақстан түгілі, енді АҚШ-та заңмен тыйым салынады деген сөз".

"Бұл жаңалық Батысты өздеріне қорғаушы санап жүрген қызтекелерге төбелерінен жай түскендей болғаны анық. Осы тұста барлық қызтекелерге "Дядя Дональдтан жалынды сәлем!" - деді депутат.

Оның сөзінше, АҚШ президентінің шешімі Мәжіліс депутаттарының ЛГБТ-ға қарсы ұстанымымен ұштасып отыр.

"Мәжіліске келгелі бері ұлтымыздың болашағына балта шауып жүрген азғын жолмен күресіп келе жатырмыз. Мен білетін Үкіметке кемінде бірнеше нақты депутаттық сауал жолданды. Оған қоса ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін арнайы заң нормаларын да әзірледік. Алайда осы әрекеттерімізге кейбір шенеуніктер батыс елдері өкілдерінің "демократияны шектеп жатырсыңдар", "адам құқығын таптап жатырсыңдар" деген ұстанымдарын желеу қылып, қарсылық білдірді. Тіпті ЛГБТ өкілдері және олардың сыбайластары депутат әріптестеріме және олардың отбасыларына әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай ақпараттық шабуылдар ұйымдастырды. Бірақ бұл күресте біз жалғыз қалған жоқпыз", - деді ол.

Депутат E-petition.kz мемлекеттік платформасында ЛГБТ насихатына қарсы петиция жарияланғанын, небәрі 2 аптада петиция 50 мың қол жинағанын айтты.

"Бұл ұлттық болмысымызға жат ЛГБТ ағымына халықтың ашық қарсы екенін көрсетті. Ал Парламент бірінші кезекте халықтың мүддесін ескеріп, оны нақты заңнамамен іске асыруға тиіс", - деді Жаңбыршин.

Мәжіліс депутаты бірқатар ұсыныс жасады:

  • Петиция талаптарын толық қанағаттандыру керек.
  • Барлық платформада, әлеуметтік желілерде ЛГБТ-ны насихаттайтын заң нормаларын ұсынамыз. Оған Үкімет оң қорытындысын беруге тиіс.
  • ЛГБТ-ны қолдап, Мәжіліс депутаттарына ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалау қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer