ЕАЭО елдері басшыларының Астанадағы кездесуі 20 наурызда өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕАЭО елдері басшыларының Астанадағы кездесуі 20 наурызда өтеді Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко, Владимир Путин. ©REUTERS

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер президенттерінің Астанадағы кездесуі 20 наурызда өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер президенттерінің Астанадағы кездесуі 20 наурызда өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"20 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы президенттерінің үшжақты кездесуін өткізу жоспарлануда. Мемлекет басшылары үш елдің өзара сауда және экономикалық ықпалдастығын тереңдету мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар президенттер әлемдік экономиканың даму үрдістерін және Украинадағы ахуалды талқылайды", - делінген Ақорданың сайтында. 

Еске салайық, ЕАЭО елдері президенттерінің үшжақты кездесуі о баста 13 наурызда өтеді деп хабарланған еді. Оның барысында мемлекет басшыларының үш елдің өзара саудасы мен экономикалық ықпалдастығын ұлғайту мәселелерін және әлемдік экономикадағы үрдістердің дамуы мен Украинадағы ахуалды талқылайтыны айтылды.

11 наурыз күні Еуразиялық одақ елдері басшыларының үшжақты кездесуі кейінге қалдырылғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растады. Ол кездесудің бірнеше күнге кейінге қалдырылатынын айтты. Үшжақты кездесу өткізу туралы жоспар ең алғаш 2015 жылдың ақпан айында жария болды. Минскіде Қазақстанның Беларусь еліндегі елшісі Ерғали Бөлегенов пен осы елдің Сыртқы істер министрі Владимир Макей Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Беларусь президенті Александр Лукашенконың және Ресей президенті Владимир Путиннің үшжақты кездесуін таяу уақытта Астанада өткізу мүмкіндігін талқылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети