Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Еуразиялық одақ елдері президенттері келесі аптада кездесуі мүмкін

12 Наурыз 2015, 18:48
0
Александр Лукашенко, Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин Астанада Еуразиялық экономикалық кеңес отырысынан кейін, 2014 жыл, мамыр. ©РИА Новости
Александр Лукашенко, Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин Астанада Еуразиялық экономикалық кеңес отырысынан кейін, 2014 жыл, мамыр. ©РИА Новости

Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенконың Астанадағы кездесуі келесі аптада өтуі мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты. 

Еске салайық, 11 наурыз күні Еуразиялық одақ елдері басшыларының үшжақты кездесуі кейінге қалдырылғаны белгілі болған еді. Бұл туралы ақпарат құралдары Қазақстанның дипломатия саласының өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады. Ресей тарапының бастапқы жоспары бойынша Путин Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 12-13 наурызда келуі керек еді. Песков үш ел басшысының кездесуі өтетін күнге қатысты өз топшылауын айтты. "Келесі аптада өтуі мүмкін", - деді ол. 

Айта кетейік, Қазақстан тарапының мәліметінше, президенттердің Астанадағы үшжақты кездесуі 13 наурызға жоспарланды. Оның барысында мемлекет басшылары үш елдің өзара саудасы мен экономикалық ықпалдастығын ұлғайту мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар, президенттер әлемдік экономикадағы үрдістердің дамуын және Украинадағы ахуалды талқылайды.

Үшжақты кездесу өткізу туралы жоспар 2015 жылдың ақпан айында белгілі болды. Минскіде Қазақстанның Беларусь еліндегі елшісі Ерғали Бөлегенов пен осы елдің Сыртқы істер министрі Владимир Макей Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Беларусь президенті Александр Лукашенконың және Ресей президенті Владимир Путиннің үшжақты кездесуін таяу уақытта Астанада өткізу мүмкіндігін талқылады. "Сұхбат барысында екі жақты ынтымақтастық және халықаралық алаңдарда, соның ішінде ТМД, ЕАЭО шеңберінде ықпалдастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жақында жоспарланған Қазақстан, Беларусь, Ресей президенттерінің Астанада үшжақты кездесуінің күн тәртібі туралы пікір алмасылды", - делінген болатын ҚР СІМ хабарламасында. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай