21 желтоқсан 2014 23:35

ЕАЭО мен КСРО арасында ұқсастық жоқ - Президент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©Akorda.kz Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©Akorda.kz

Еуразиялық экономикалық одақ Кеңес Одағына мүлдем ұқсамайды және Қазақстан тәуелсіздігіне қауіп төндірмейді, - деп мәлімдеді республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен болған дәстүрлі кездесуде, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі СТВ телеарнасындағы трансляцияға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан үшін 2014 жылдың ең маңызды оқиғасы не?" деген сұраққа Президент осы жылдың мамыр айында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуын айтты. "Бұл Мәскеу мемлекеттік университетінде 20 жыл бұрын айтқан менің ойым болды. Бүгінде, шынымды айтайын, Еуразиялық экономикалық одаққа үлкен қауіп төніп тұр, дағдарысқа байланысты. Қазіргі уақытта тәуелсіздікті жоғалту туралы, Кеңес Одағының қайтадан құрылып жатқаны туралы әңгімелер айтылып жатыр. Бәрі бос сөз. Кеңес Одағын қайта құрғысы келетін адамның тіпті миы жоқ. Біз бұдан әлдеқашан өтіп кеттік", - деді Назарбаев. 

"Маркстік-лениндік идеология болды - қазір ол жоқ, тырп еткізбей тастаған коммунистік партия болды - қазір ол да жоқ, бірыңғай экономикалық ағза болды - қазір ол жоқ", - деді Президент. Оның айтуынша, жаңа ұрпаққа Ленин мен Маркстың кім екенін білудің қажеті жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети