04 қыркүйек 2021 13:50

ЕАЭО мен ШЫҰ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Еуразиялық экономикалық одақ пен Шанхай ынтымақтастық ұйымы алдағы күндері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі Сергей Глазьев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

"Атап айтқанда, таяу күндері Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады, бұл үлкен еуразиялық әріптестікті қалыптастырудың негізі бола алады", - деді Глазьев Шығыс экономикалық форумы аясында өткен "Үлкен Еуразиялық әріптестіктің құндылығы" сессиясы. 

Ол бұған дейін Вьетнам және Сингапурмен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылғанын, Иранмен еркін сауда аймағына өту туралы келісімге дайындық жүріп жатқанын атап өтті.

ЕАЭО - 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. Одаққа қатысушылар - Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан.

Шығыс экономикалық форумы 2-4 қыркүйекте Владивостоктағы Қиыр шығыс федералды университетінің кампусында өтіп жатыр.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде елімізге атом электр станциясы қажет екенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети