14 қазан 2014 22:15

Эбола безгегіне қарсы вакцина 2015 жылдың жазында кеңінен қолданысқа енеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эбола безгегіне қарсы вакцина 2015 жылдың жазында кеңінен қолданысқа енуі мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорының көмекшісі Брюс Эйлвард мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Эбола безгегіне қарсы вакцина 2015 жылдың жазында кеңінен қолданысқа енуі мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорының көмекшісі Брюс Эйлвард мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз 2015 жылдың қаңтарында эболаға қарсы жаңа вакцинаны кеңінен зерттеуге кірісеміз. Дегенмен бұл вакцинаны 2015 жылдың орта шенінде қолданысқа енгізуіміз мүмкін. Бұл біздің қазіргі таңдағы алға қойған мақсаттарымыздың бірі" - деді ол.

Айта кету керек, бұған дейін дүниежүзілік ДСҰ "Эболаға қарсы вакцинаның кері әсері анықталмаса, вакцина биыл қараша айында немесе 2015 жылдың басында қолданысқа беріледі" - деген болатын. Эбола дертіне қарсы VSV-EBOV және ChAd-EBO вакциналары қарсы тұра алады деп саналуда.

Бұдан бұрын Ресей оқымыстыларының Эболаға қарсы үш вакцина шығаруға ниеттеніп отырғаны мәлім болған. Қазір ол вакциналардың біреуі клиникалық зерттеуден өтуде. Мамандардың айтуынша,  Эболаға қарсы бұл вакциналардың біреуі аталған безгек штамының, ал қалғандары гендік инженерия негізінде жасалуда.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети