17 қараша 2014 11:14

Егін орағы қиын жағдайда жүріп жатыр - Мамытбеков

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков 2014 жылғы егін орағы жайлы баяндады, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков 2014 жылғы егін орағы жайлы баяндады, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.

"Биылғы егін орағы күрделі ауа райы жағдайында өтіп жатыр - жаз ыстық әрі құрғақ болып басталды, ол егін салудың алғашқы жұмыстарына кері әсер етті. Маусымның үшінші онкүндігінде жаңбыр басталып, жаз бойы созылды. Негізгі астықты өңірлерде жауын-шашын нормадан әлдеқайда көп түсті. Одан кейін күн салқындады, жауын-шашын керек, бірақ температураның төмен болуы және күннің жетіспеуі дәнді дақылдардың ұзақ өсіп-өнуіне және кеш пісуіне ықпал етті", - деді Мамытбеков. 

Оның айтуынша, күзде жауын-шашын мол болып, егін орағын қиындатты. "Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында орақ әлі жалғасып жатыр, Ақмола облысының екі ауданында егін орағы аяқталуға таяды, басқа аудандарда астық жиналып бітті", - деді министр.

Ол әкімдіктерден алынған жедел мәліметтерді жария етті, оған қарағанда, тұтас алғанда, ел бойынша 14,5 миллион гектардан астық жиналған немесе егіс алқабының 96,5 пайызы орылды, орташа есеппен гектарына 12,6 центнерден алынды деген жағдайда 18,3 миллион тонна астық бастырылды. Майлы дақылдар алқабының 64 пайызынан өнім алынды, көкөніс, бау-бақша, картоп алқаптарының 99,6 пайызы жиналды. Көкөністер былтырғыдан гектарына 12,1 центнерге, картоп гектарына 15,9 центнерге артық алынды.

"Егін орағын ұйымдастыруға үкімет пен министрліктер тарапынан барлық қажетті шара қолға алынды. Тұтас алғанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері күрделі ауа райы жағдайына қарамастан, астық жинау қарқыны жағынан жаман емес нәтиже көрсетті, жағдайдың бұдан да жаман болуы мүмкін еді. Мысалға, былтыр қолайлы жағдай болса да, 17 қарашаға дейін егіс алқабынан 99,6 пайызы жиналды, яғни биыл айырмашылық аса үлкен емес. 2014 жылы астықтың жалпы жиын көлемі өңдеуден кейін 17,6 миллион тонна деңгейінде болады деген болжам бар, бұл экспорттық әлеуетті 7 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді", - деді Мамытбеков. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети