03 мамыр 2020 14:17

Екі апта карантинде жатқан әйелден СOVID-19 вирусы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер екі апта карантинде жатқан жапониялық әйелден коронавирус инфекциясын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.


Дәрігерлер екі апта карантинде жатқан жапониялық әйелден коронавирус инфекциясын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Жапониялық тұрғын бірінші рет 13 сәуір күні коронавирусқа тест тапсырған. Ол оң нәтиже берген. Науқастан аурудың белгілері кеткен соң әйел 2 апта үйдегі карантинде болған.

Карантин мерзімі аяқталған соң жапониялық тұрғынның денсаулығы нашарлап кетіпті. Оның дене қызуы көтерілген. Әйел індетке қайта тексерілген. Тест науқастан коронавирус инфекциясын анықтаған.

Хоккайдо медициналық университетінің профессоры Йоко Цукамотоның айтуынша, бұл жағдай карантиннің ұзақтығы барлығына бірдей болмау қажетін көрсетеді. Оның пікірінше, науқастың жағдайына қарай карантиннің мерзімін ұзартып отыру керек.

Айта кетейік, әлемде 3 миллионнан астам адам COVID-19 вирусын жұқтырды, 230 мың адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3877-ге жетті. 995 науқас жазылды, 26 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети