21 қараша 2020 18:05

Екі облыста карантин режимі күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында карантин 30 қарашаға дейін созылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысында карантин 30 қарашаға дейін созылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Владимир Нечитайло тағы бір қаулыны қабылдады. Бұған дейінгі карантин шарасы тағы бір аптаға созылды. 

Құжатқа сәйкес, енді өңірде 22:00 мен 06:00 аралығында такси қозғалысы тоқтайды. Жүргізушілер мен жолаушылар маска тағып отыруы керек. 

Сондай-ақ:

  • фудкорт, банкет залдарының;
  • аквапарк пен термопарктердің жұмыс істеуіне тыйым салынды. 

Діни нысандар (мешіт, шіркеу), мәдениет нысандарының (жеке, топтық дайындық), кітапхана, музей мен театрдың жұмысы тоқтатылады.  

Қалааралық жолаушылар көлігінің (автобус, микроавтобус, такси) жұмысы тоқтатылады. 

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері карантин режимін ұзартты.

БҚО аумағында келесі шектеулер енгізілді:

  1. Қоғамдық автокөлік шектеулі режим шеңберінде сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін (жексенбі және мереке күндерін қоспағанда), қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен және біркелкі қозғалыс кестесімен жұмыс істейтін болады.
  2. Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  3. Барлық ойын-сауық нысанының, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер мен кейтерингтік қызметтер көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда), жәрмеңкелердің қызметтерін тоқтата тұру;
  4. Спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салу;
  5. Әуежайларға, темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын адамдардың кіруіне (қарттарды, жүгі бар мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қарсы алатын және шығарып салатын адамдарды қоспағанда) шектеу қою, адамдардың жиналуына жол бермеу;
  6. Бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық сақтау арқылы қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық автокөліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті;

Құжаттың толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети