1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Екі өңір әкімінің орынбасары азық-түлік бағасы үшін жазаланады 12 сәуір 2021, 12:14

Үкімет мүшелері екі өңір әкімі орынбасарына азық-түлік бағасы үшін қатаң сөгіс жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Үкімет мүшелері екі өңір әкімі орынбасарына азық-түлік бағасы үшін қатаң сөгіс жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 3,2 пайызға қымбаттағанын айтты. Бұл ретте былтыр баға 4,8 пайызға өскен, оның 4,1 пайызы карантин салдарынан болған. Министрдің айтуынша, шаралар қабылдау нәтижесінде баға тұрақтандырылған.

"Соңғы үш аптада баға 0,2 пайызға артты, былтыр баға 3,5 пайызға өскен. (...) Сонымен қатар, кейбір өңірлерде жоғары өсім байқалады. 6 сәуірдегі жағдай бойынша ең жоғарғы баға Жамбыл облысында - 4,2 пайыз, Атырау облысында - 3,8 пайыз, ең аз өсім 2,9 пайыз - ШҚО мен Ақмола облысында тіркелген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша атқарушы органдардың маңызды көрсеткіші бағаның өсуіне жол бермеу. Осыған байланысты Асқар Ұзақбайұлына хаттамада: бағаның барынша өсуіне жол берген әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарына тәртіптік шаралар қолдануды бекітуді ұсынамын", - деді Сұлтанов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне басым бизнес субъектілерінің бағалық сөз байласуына жол бермеуді тұрақты бақылауда ұстауды, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға бақылауды күшейтуді және әлеуметтік маңызы бар тауарларға, әсіресе экспортқа тәуелді және экспортқа бағдарланған өнімдерге бағаның өсуіне жол бермеу бойынша тиісті шара қолдануды ұсынды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов қай өңірлер әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс жариялау керектігін нақтылады.

"Атырау, Жамбыл облыстарында әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттағанын көрдік. Сондықтан осы өңірлер әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс жариялау керек. Бұл облыс әкімдеріне тапсырма.

Сондай-ақ, жергілікті бюджет кірісі мөлшерінің көбейгенін байқаймыз. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар проблемаларды анықтап, оларды жергілікті бюджет есебінен жабуы тиіс. Жағдайдың тұрақтануы жұмысқа ешқандай әсер етпеуі керек", - деді Смайылов.

Премьер-министр Асқар Мамин Атырау және Жамбыл облыстары әкімінің орынбасарына әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бергені үшін қатаң сөгіс жариялау ұсынысын қолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!