14 сәуір 2021 | 16:28

Екі түрлі вакцина салдыруға бола ма? Маман жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ бас директоры Күнсұлу Закарья қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ бас директоры Күнсұлу Закарья қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы "Спутник V" ресейлік вакцинасын салдырды. Кейінірек оның баспасөз хатшысы Берік Уәли "Мемлекет басшысы келесі ретте коронавирусқа қарсы отандық вакцина алуға ниетті" екенін мәлімдеді.

Осыдан "коронавирусқа қарсы түрлі вакциналарды егуге бола ма?" деген сұрақ туындайды.

"Жыл сайын тұмауға қарсы вакцинаны, Қазақстанға жеткізілетін түрлі вакцинаны салдырамыз. Біз ол вакцина қайда жасалды деп сұрамаймыз. Емханаға шақырғанда, барып екпе жасатамыз. Жыл сайын біраз уақыт өткеннен кейін басқа вакцина салдыруға болады. Тек бір уақытта, бірдей вакцинациялауға болмайды", - деп түсіндірді БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ бас директоры Күнсұлу Закарья.

Ол "Спутник V" салдырғаннан кейін басқа вакцинаны қанша уақыттан соң егуге болатынын әлі айта алмайтынын түсіндірді.

"Әр вакцинаның өзіндік тиімділік уақыты бар, ол мерзім аяқталғанда адам басқа вакцина салдыра алады. Мұндай жағдайда ағзада ешқандай қақтығыстар болмайды, ең бастысы, бір уақытта екі вакцина егілмесе болды. Бірақ негізі бұл мәселе әлемде әлі зерттелмеген. Адам бірден екі вакцина алса, ағзасы қалай әрекет ететініне зерттеу жүргізілген жоқ. Яғни, бұл біздің құзыретімізде емес", - деп түсіндірді Закарья.

Ол вакцинаның екі компоненті де бір өндірушіден болуы тиіс екенін түсіндірді. Себебі барлық вакцина әртүрлі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети