11 қыркүйек 2020 14:47

Екібастұзда мұғалімдер жалақысыз қалды

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: dw.com Фото: dw.com

Екібастұздағы білім бөлімінің салық шотының бұғатталуы салдарынан мұғалімдер жалақы ала алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұздағы білім бөлімінің салық шотының бұғатталуы салдарынан мұғалімдер жалақы ала алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұстаздардың салық бойынша қарызы болған. Бұл туралы Tengrinews.kz редакциясына жергілікті педагогтер хабарлады.

Мұғалімдер тамыздағы жалақысын алмағанын айтады. Екібастұз қаласының білім бөлімі ұстаздар мемлекеттік мекеменің есепшоты бұғатталу салдарынан жалақы ала алмай отырғанын жеткізді.

Бұл ақпаратты Павлодар облыстық Білім басқармасы растады. Алайда басшы бұл мәселеден хабары жоғын атап өтті.

"Екібастұздағы білім бөлімінің есепшоты бұғатталды. Алайда мұны білім бөлімі менен жасырды. Бұл ақылға қонымсыз жағдай. Себебі, мұғалімдер бейбіт уақытта әріптестеріміздің немқұрадылығы салдарынан жалақысын ала алмай отыр", - деді облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

Оның айтуынша, мұғалімдердің жалақысын уақытында ала алмауы білім бөлімі есепшілерінің кінәсінен туындаған. Бұл жағдайды анықтау үшін Екібастұзға арнайы комиссия жіберіліпті.

"Заң бойынша мұғалімдердің жалақысы әр айдың онына дейін төленуі керек. Тамызда жалақы төленуі тиіс болған уақытта Екібастұз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегіне байланысты білім бөлімінің есепшотын бұғаттап тастаған. Оған бухгалтерлердің асығыс әрекеті себеп болған. Бізден ол жаққа комиссия барып, мәселенің мән-жайын анықтап, барлығын тексереді. Онда Екібастұз ғана емес, бірнеше ауылдық мектеп бар. Мен мәселенің анық-қанығын білмеймін. Қазіргі таңда мәселе шешілді, есепшот ашылды. Мұғалімдерге жалақысы төленеді", - деді облыстық білім басқармасының басшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети