10 тамыз 2022 08:24

Екібастұзда "Восточный" көмір разрезінде жұмысшы қаза болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұздағы "Восточный" көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұздағы "Восточный" көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, қайғылы жағдай шамамен кеше таңғы 11.35-те болған. 

"9 тамызда сағат 11:35-те "ЕЭК" АҚ "Восточный" разрезінде адам өліміне әкеліп соққан апат болды. 

Жөндеу жұмыстары кезінде барабанның айналма білігі босап кетіп, білік пен металл құрылымның турағыш бөлігі арасына электромеханик қысылып қалған",  - делінген хабарламада.

Ер адам алған жарақаттынан оқиға орнында көз жұмды. Циклдік ағынды жабын учаскесінің электромеханигі болып жұмыс істеген марқұм 42 жаста болған.

Облыстық еңбек басқармасы қайғылы жағдайға қатысты тергеу жүргізетінін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети