29 шілде 2021 11:16

Екпе алғысы келген ақтаулық емханадағы қағазбастылыққа шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ақтау тұрғыны 26-шы шағынаудандағы № 2 емхананың қызметіне шағымданды. Ер адам онда COVID-19-ға қарсы вакцина алу үшін барған. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасында қызметтік тексеру жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz басылымына сілтеме жасап.


Ақтау тұрғыны 26-шы шағынаудандағы № 2 емхананың қызметіне шағымданды. Ер адам онда COVID-19-ға қарсы вакцина алу үшін барған. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасында қызметтік тексеру жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Тұрғынның айтуынша, 26 шілдеде ол коронавирусқа қарсы вакцина алу үшін емханаға келген. Тіркеу орнында оны бірнеше кабинетке жіберген.

"Алдымен 148-кабинетке келісім құжатын толтыру үшін жіберді, содан кейін - 230-кабинетке, сол жерден - 212-кабинетке жіберді. Бұл екі сағат уақытымды алды. 212-кабинетте медбике түскі ас 13.00-ден 14.00-ге дейін екенін және бір сағат күту керек екенін айтты. Бірақ түскі ас бар екені туралы құжатты көрсетуді сұрғанымда, одан бас тартты. Кейін вакцина алу үшін кіргенімде, медбике "Спутник V" вакцинасын бес адамнан алатынын айтты: бір ампула бес дозаға есептелген. Нәтижесінде бес адам жиналу үшін тағы 30 минут күтуге тура келді", - деді ер адам.

Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы емхананың ішкі аудит бөлімімен қызметтік тексеру жүргізіліп, хаттама толтырылғанын хабарлады.

Хаттамаға сәйкес, егу кабинетінің медбикесі науқасқа "Спутник V" вакцинасын алғысы келетін басқа адамдарды күту қажет екені туралы ескерткен, өйткені бір бөтелкеде бес доза бар және ашылған бөтелке тек екі сағатқа жарамды.

"Тексеру негізіне 26 шілдедегі жағдайға куә болған емхананың бес қызметкері жасаған акт алынды. Актіден ер адам 12.55-те "Спутник V" вакцинасының І компонентін алу үшін 212-кабинетке барған. Егу кабинетінің медбикесі оған осы вакцинаны алғысы келетін адамдарды күтуге тура келетінін ескерткен, өйткені "Спутник V" вакцинасының бір бөтелкесінде бес доза бар және ашылған бөтелке екі сағатқа жарамды. Сондай-ақ, ол түскі үзіліс уақыты 13.00-ден 14.00-ге дейін екенін айтқан. Алайда ер адам күтуден бас тартып, дереу екпе салуды талап етті", - деп сендірді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Ішкі аудит бөлімінің сарапшылары шағымды талдап, науқастың шағымдары негізсіз деген қорытындыға келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети