Экс-министр Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі колонияға кезеңделді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© otyrar.kz © otyrar.kz

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы колониядан басқа колонияға ауыстырылды. Шенеунік көшкен кезде оның қасында Ұлттық ұланның кем дегенде 10 cарбазы болды, - деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы колониядан басқа колонияға ауыстырылды. Шенеунік көшкен кезде оның қасында Ұлттық ұланның кем дегенде 10 cарбазы болды, - деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, енді VIP сотталушы жазасын Шымкенттен 35 шақырым жерде Леңгір қаласындағы колонияда өтейді. Сондай-ақ, Қуандық Бишімбаевті Шымкентке жеткен соң колонияға дейін арнайы жабдықталған көлікпен жеткізгені айтылады.

"Бұл максималды қауіпсіздік мекемесі, яғни, қатаң тәртіптегі режим, шамамен 500 адам болады. Ғимарат 1976 жылы пайдалануға берілген болатын", - деп мәлімдеді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің қызметкері Ғалымжан Хасенов.

Биыл 14 наурызда Қуандық Бишімбаев 10 жылға сотталған болатын. "10 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметтерде басшы лауазымдарында жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Жазасын максималды қауіпсіз мекемеде өтесін, сондай-ақ, мүлкі тәркіленсін", - деп оқыған еді үкімді судья Әділхан Шайхисламов.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.

"Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer