02 наурыз 2019 | 13:02

Экс-министр Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-министр Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Экс-министр Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Осылайша, Мемлекет басшысының Өкімімен Алпысбай Рахметоллаұлы Ахметовтің Ұлттық банк Төрағасының орынбасары қызметінен босатылғаны хабарланып отыр.

Жақсы министр болды - Дәленов Сүлейменов жайлы

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы “Болашақ” бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

Ал 2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі. 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі). 2016 жылы 28 желтоқсанда ол ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 2019 жылы ақпанда Үкімет тараған уақытта Сүлейменов осы қызметінен босатылды, оның орнына Руслан Дәленов келді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети