Жақсы министр болды - Дәленов Сүлейменов жайлы

26 Ақпан, 10:28
0
Жақсы министр болды - Дәленов Сүлейменов жайлы - Тимур Сүлейменов, Руслан Дәленов. © Tengrinews.kz
Тимур Сүлейменов, Руслан Дәленов. © Tengrinews.kz

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мұның алдында осы қызметте болған Тимур Сүлейменов жайлы және вице-министр Серік Жұманғариннің сөзіне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әзірше белгісіз, бірақ ол (бұрынғы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов) әрине, жұмыс істейді. Жақсы министр болды", - деді Дәленов.

Еске салайық, Сүлейменов ұлттық экономика министрі қызметіне 2016 жылдың желтоқсанында келген еді. Ал кеше, 26 ақпанда бұл қызметке Руслан Дәленов тағайындалды.

Сондай-ақ, Дәленов журналистерден "ызаландырмауын" сұраған Серік Жұманғаринмен түсіндіру жұмысы жүргізілгенін айтты.

"Кешірім сұрады. Кез келген дұрыс айтылмаған сөздер мен дұрыс жасалмаған әрекеттерге жол бермеу керек деп санаймын. Оған жол бермейміз. Министрлігіміз қажетті түсіндіру жұмысын жүргізді. Мұндай жұмыстар барлық мемлекеттік органға керек", - деді Дәленов.

Жаңадан келген министрлер жайлы не білеміз?

Бүгін, 26 ақпанда Қазақстан жаңа үкіметінің алғашқы отырысы өтіп, жаңа министрлер ант берді. Премьер-министр Асқар Мамин министрлер кабинетінің мүшелерін құттықтап, үкіметтің жаңа құрамы айналысатын істерді белгілеген болатын.

Еске салайық, 21 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев үкімет отставкаға кетуі тиіс деген мәлімдеме жасаған болатын. "Мен "Нұр Отан" партиясының жақында өтетін съезінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынамын. Бұған бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетін болады", - деген еді Мемлекет басшысы. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай