29 наурыз 2015 23:08

Эксклюзив: Малайзияда Данияр Кесікбаев пен премьердің қызының үйлену тойының ресми бөлігі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Қанат Бейсекеев ©Қанат Бейсекеев

МӘТІНДІ КӨШІРІП БАСУҒА және СУРЕТТІ КӨШІРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ


МӘТІНДІ КӨШІРІП БАСУҒА және СУРЕТТІ КӨШІРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Қазақстандық Данияр Кесікбаев пен Малайзия премьер-министрінің қызы Нуриана Наджваның Куала-Лумпурдағы үйлену салтанатының соңғы күндеріне мыңдаған адам келді. Tengrinews.kz тілшісі шараға қатысты. 

Қазақстандық пен премьердің қызының үйлену тойының жалғасып жатқанына бір аптадан асты - шара 18 наурызда басталды, бірақ ресми бөлігі 28 және 29 наурызға бекітілді. Ресми үйлену тойының бірінші күні (28 наурыз) жабық форматта өтті, суретке түсіруге тыйым салынды. Шараның бірінші күнінде 500 қонақ қатысты. Бұл - жастардың ең жақын достары, сонымен қатар лауазымы жоғары шенеуніктер, оның ішінде Индонезия президенті, Индонезияның қазіргі премьер-министрі, Тайландтың премьер-министрі. Ресми бөлімнің екінші күні мүлдем өзгеше болды - тойға еңбек сіңірген қайраткерлер мен қарапайым азаматтар шақырылды. Салтанатты шара ашық өтті.

Айта кетейік, тойда спирттік ішімдік болған жоқ. Үйлену тойы Малайзияның дәстүрі бойынша өтті - күйеу бала мен қалыңдық және қонақтар ұлттық киім киді. Күйеу бала - Данияр Кесікбаевтің құрметіне - "Қара жорға" биі биленіп, оркестр "Жар-жар" әнін айтты.

Үйлену тойында 300 адамнан құралған персонал қызмет етті. Негізгі тағамдар ретінде бирьяни күріші, тауық және сиыр етінен сатэй, карри мен масал қосылған кәуапқа ұқсайтын тағам, Малайзияның сиырдан жаслаған ренданг тағамы. Қонақтар шәй мен тарик ішті.  

Айта кетейік, үйлену тойында сөз сөйленбеді. Шара әлі де жалғасады - қалыңдықтың әкесінің туған жері - Паханг штатында - 20 мың адамға арналған тағы бір шара ұйымдастырылады. Бірақ тойдың соңғы күні қашан болатыны белгісіз. Тойға жұмсалып жатқан қаражатты той иелері жасырып отыр.

Айта кетейік, қазақстандық Данияр Кесікбаев пен Нуриана Наджва Нью-Йоркта Нуриананың 21 жасқа толған туған күнінде танысқан. Екеуі де АҚШ-та білім алды: Данияр - Колумбия университетінің түлегі, ал Нуриана Вашингтонда Джорджтаун университетінде оқыған. Осыған дейін Данияр Кесікбаевтің Малайзияның премьер-министрінің қызымен үйленетіні хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети