21 қыркүйек 2016 | 12:44

ЭКСПО-2017 көрмесіне қосымша 1500 ерікті іріктеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада ЭКСПО-2017 үшін еріктілерді іріктеудің екінші кезеңі басталды. Бұған дейін тестілеуден өткен 3 мың еріктілер қатарына тағы да 1 500 қосылатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада ЭКСПО-2017 үшін еріктілерді іріктеудің екінші кезеңі басталды. Бұған дейін тестілеуден өткен 3 мың еріктілер қатарына тағы да 1 500 қосылатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық компанияда түсіндіргендей, мұндай қажеттілік көрме аясында бірқатар ауқымды халықаралық деңгейдегі форумдар мен іс-шаралар өткізілетіндіктен туындап отыр. Атап айтқанда, Бүкіләлемдік туристік ұйыммен бірлесе отырып, туристік форумның өткізілуі туралы келісімге келді, сондай-ақ, дүние жүзінің 165 мемлекеті қатысатын World Boxing Council Конвенциясының 55 жылдық мерейтойы мен кәсіби бокс кешін ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойылды.        

Тағы бір себеп - қатысушылар көлемін ұлғайту. Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады. Тағы да бірнеше мемлекеттермен жұмыс атқарылып жатыр. 

Сонымен қатар, кейбір мамандардың пікірінше қатысушылар санының ұлғаятындығы келтірілуде. "Алғашқы тестілеуді ЖОО студенттері өтеді. Өңірлер мен Алматы қаласынан қатарға қосылғысы келетін еріктілер үшін әңгімелесу күздің аяғына таман ұйымдастырылады", - деп нақтылады компаниядағылар.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 еріктісі қатарына 18 толған, алайда 80-нен аспаған кез-келген адам қосыла алады. Талаптардың тағы бірі - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу. Мәдени іс-шараларда қатысуы құпталады. Жалпы, 2017 жылға қарай 4500-ден аса еріктілерді тарту жоспарланған. 

Еске салайық, осыған дейін Астана полицейлерінің "ЭКСПО-2017" территориясын электрмобильдермен және сегвейлермен күзететіні хабарланған болатын. Бұл туралы жол-патрульдік полиция полкінің штаб басшысы Қуаныш Еркінов мәлімдеген-ді. Қуаныш Еркіновтің айтуынша, қазіргі кезде екі сегвей бар, олардың көмегімен полицейлер Астананың Орталық саябағын күзетіп жүр екен. "Осы жылы күзету үшін электрмобильдер мен скутерлер қосылды. Сонымен қатар, жазғы уақытта Есіл өзенінің бойымен катер жұмылдырылды. Осы құрылғылардың қолданысы арқылы біраз өзгешеліктер бар, адамдар тәртіпке бағынады. Бұрындары қоғамдық орындарда заң бұзушылықтар көп болатын, ал қазіргі кезде біршама азайған. Бұл электрмобильдер саябақтардың маңында қозғалатын болады", - деді Қуаныш Еркінов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети