Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ЕҚЫҰ бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауына қатысты пікір білдірді 21 қараша 2022, 18:00

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ бақылаушылары Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауда бәсекелестік жетіспеді деп есептейді. Бұл ретте олар дайындық тиімді
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ бақылаушылары Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауда бәсекелестік жетіспеді деп есептейді. Бұл ретте олар дайындық тиімді болғанына атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"...Тиімді дайындыққа қарамастан, сайлау заңнаманы ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сәйкестендіру үшін одан әрі реформалар қажеттігін көрсетті", - деді ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясының жетекшісі Уршула Гацек.

Ол кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары туралы да айтты.

"Қазіргі президент барлық парламенттік партияның біріккен кандидаты ретінде сайлауға түсті және шын мәнінде, оған айтарлықтай қарсылық болған жоқ", - деді Гацек.

Миссия басшысы Қазақстан халқын жүргізіліп жатқан реформаларды, оның ішінде сайлауға қатысты заңдар мен оларды жүзеге асыруға қатысты шараларды жалғастыруға шақырды. Ол кандидаттарға, оның ішінде біліміне, тұрғылықты жеріне және мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы қызметтегі тәжірибесіне қатысты талаптарды төмендетуге кеңес берді.

Оның айтуынша, мониторинг жүргізілген барлық телеарна сайлау науқанын жаңалықтарда бірдей көрсетуге қатысты заң нормаларын сақтаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті