15 қараша 2021 13:07

Елбасы Дәулет Сембаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дәулет Сембаевтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 


Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дәулет Сембаевтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті қаржыгер, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дәулет Сембаевтың  өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

"Саналы ғұмырын отандық қаржы саласын дамытуға арнаған Дәулет Хамитұлы Тәуелсіз Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалауға, ұлттық валютамыз - теңгенің енгізілуіне елеулі үлес қосқан қайраткер тұлға болатын. Ол көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Ұлттық банк төрағасы, Парламент Сенатының депутаты болды.

Білім-білігімен және қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне аянбай атсалысып, көптің зор құрметіне бөленді", – делінген жеделхатта.  

Елбасы Дәулет Сембаевтың жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети