24 қаңтар 2014 13:39

Елбасы Фариза Оңғарсынованың туыстарына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың көрнекті ақыны, халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың туған-туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Фариза Оңғарсынованың ұлттық поэзиямызға өзгеше леп әкелген ерекше дарын иесі екенін атап өтті. «Оның қаламынан туындаған нәзік те отты жырлар әрдайым халқымыздың жан-жүрегін еріксіз баурап алатын. Оның өлеңдерінен өзіне тән өр мінезі, өршіл рухы, адам жанының терең қалтарыстарына жіті үңіліп, соны таңқаларлықтай шеберлікпен аша білетін қуатты талант тегеуріні айқын сезіліп тұратын. Сондықтан да Қазақстан халқы ақиық ақын, тамаша журналист және еліміздің көрнекті қайраткерін ерекше қадірледі», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы ақынның қоғам дамуына қосқан ерекше еңбегі үшін Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградаларына ие болғанын атап өткен. Елбасы Оңғарсынованың халқымыздың өзіне көрсеткен зор сенімі арқасында Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланғанын еске салады. Нұрсұлтан Әбішұлы Фариза ақынның есімі ұмытылмайтынына, ал оның шығармалары Қазақстан халқының жадында әрдайым сақтала беретініне сенім білдірді. Көрнекті ақын 74 жасында өмірден өтті. Ол қазіргі Атырау облысының Манаш ауылында дүниеге келген. Қазақ әдебиетіндегі ең айтулы тұлғалардың бірі "Сандуғаш", "Мазасыз шақ" және басқа да 20-дан астам өлеңдер жинағын жарыққа шығарды. Қазақтың бірнеше басылымында басшылық қызмет атқарды, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 1-2-шақырылымдарының депутаты болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети