28 сәуір 2021 17:25

Елбасы ҚХА құрметті төрағасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elbasy.kz Фото: elbasy.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сізге, аса құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болу туралы ұсынысымызды қабылдауды сұраймын. Бұл мәртебе сізге халқымыз бен мемлекет алдындағы тарихи еңбегіңіздің арқасында тиесілі. ҚХА-ның барлық мүшелері бұл ұсынысты қолдайтынына сенімдімін", - деді Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын қабылдады.

"Жаңа міндеттерді қабылдаймын, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге жұмысымды жалғастырамын. Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздерге сәттілік тілейміз, ҚХА барлық бастамаларды қолдайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети