04 мамыр 2021 17:07

Тоқаев ҚХА төрағасының жаңа орынбасарына тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары, XXIX сессия қорытындылары және этносаяси саладағы өзекті үрдістер туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында Ассамблеяны одан әрі дамыту, талдамалық және мониторингтік, аймақтық және жастар қызметінің бағыттарын күшейту мәселелері қаралды.

Президентке қоғамдағы этносаралық шиеленістің алдын алу, этностардың келешектегі интеграциялануы, Ассамблеяның Қазақстан халқын азаматтық біртектілік пен бірлік қағидаттарына шоғырландыруға бағытталған арнайы жобаларының жүзеге асырылуы жайында баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық қоғамдық институттарының жұмысын жандандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салайық, 21 сәуірде Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

28 сәуірде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды, ал өзі ҚХА құрметті төрағасы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети