26 сәуір 2017 | 16:32

Елбасы көтерілістің салдары қандай болатынын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерілістің салдары қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерілістің салдары қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңіз білетіндей, революцияны бастан өткердік. 1917 жылы болған революцияны білеміз, ол революцияға 100 жыл толады. Басқа революцияларды да білеміз", - деді Президент Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясы барысында. 

"1910 жылы Еуропаның барлық сарапшысы Ресейді 1950 жылы әлемдегі ең мықты елдердің бірі болады деп санады. Содан не болды? Революция алды да барлығын жоқ қылды. Енді біз Кеңес Одағындағы экономиканың Батыс елдері экономикасынан 40-50 жылға қалып қалғанын мойындап отырмыз. Яғни, бізге бұдан ештеңе болған жоқ", - деді Нұрсұлтан Назарбаев

Сондай-ақ, Президент француз жазушысы Франсуа Рене де Шатобрианның сөзін мысал етіп келтірді. "Адамзаттың пайда болу тарихы ауыртпалықтардан және азаптардан тұрады, яғни революциядан", - деп оқыды Мемлекет басшысы жазушының сөзін.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтарды эволюциялық тұрғыда дамуға шақырды.

"Мен сіздерді тоқтап қалмай, осыдан 25 жыл бұрынғыдай эволюциялық тұрғыда дамуға шақырамын. Бұл да революция, бірақ эволюциялық революция. Адам өлімінсіз, ұлтқа бөлінбей, азаматтық соғыссыз - біздің балаларымыз осылай тәрбиелену керек, бұл бізге өркендеуге мүмкіндік береді", - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясы өтіп жатыр. Күн тәртібінде: "Тұрақтылық, бірлік, келісім - жаңғырту негізі". Cессияға барлық өңірдегі ассамблея ардагерлері мен мүшелері, республикалық және өңірлік этно-мәдени қауымдастықтардың төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың басшылары, саяси партиялардың мүшелері, діни ұйымдардың өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысып жатыр.

Сондай-ақ, Назарбаев осыған дейін қоғамдық сана қалай өзгеретінін айтып берген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети