26 сәуір 2017 16:16

Назарбаев қоғамдық сана қалай өзгеретінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясы барысында қоғамдық сананы өзгертудің экономикалық және саяси жаңғыртуларға қарағанда күрделірек болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясы барысында қоғамдық сананы өзгертудің экономикалық және саяси жаңғыртуларға қарағанда күрделірек болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз мемлекеттің жүйелі түрде дамуын қамтамасыз еттік - экономикалық жаңғырту, саяси және қоғамдық сананы жаңғырту. Алғашқы екі жаңғырту оңай емес. Біз үшін қоғамның рухани дамуы мен қоғамдық сананы жаңғырту ең күрделі мәселе болмақ. Адамды шебер болуға, кәсіпқой маман болуға үйретуге болады, бірақ адамның санасын өзгерту бұдан да қиындау. Адамдарды өзгеруге үйрету, оларды жаңа дүниелерге және бәсекеге қабілетті болуға үйрету қиынға соғады", - деді Президент.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясының ерекше маңызы бар екенін айтып өтті.

"Биыл біздің жұмысымыздың алға қойған бірінші жоспары - жүйелі түрде жаңғырту. Біріншіден, менің "Жаңғырту 3.0" атты жолдауымда экономикамызды заманауи талаптарға сай ету керектігі айтылады. Экономиканы дамыту, инновация мен технологиялар, роботтандыру. Елмен қатар болу, олардан қалып қоймау. Екіншіден, саяси жаңғырту. Онда өкілеттіктер беріліп, парламент пен үкіметтегілердің рөлі артты, конституциялық реформа жүргізілді. Бұл мемлекеттік билікті әлсірету үшін істелген жоқ, керісінше тұрақтылық үшін жасалып отыр", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясы өтіп жатыр. Күн тәртібінде: "Тұрақтылық, бірлік, келісім - жаңғырту негізі". Cессияға барлық өңірдегі ассамблея ардагерлері мен мүшелері, республикалық және өңірлік этно-мәдени қауымдастықтардың төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың басшылары, саяси партиялардың мүшелері, діни ұйымдардың өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети