01 наурыз 2014 | 12:29

Елбасы "Нұр Отан" партиясын 15 жылдығымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Даниал Окасов© Даниал Окасов©

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясын 15 жылдығымен құттықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz. - Барша нұротандықтар мен "Нұр Отан" партиясы жақтаушыларын оның құрылуының 15 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - кезекті тарихи меже ғана емес, Тәуелсіз Қазақстан жылнамасының маңызды белесі. Біздің партиямыз - "Нұр Отан" партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады және олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отырды,- деді Нұрсұлтан Назарбаев өз құттықтауында. Сондай-ақ Елбасы: "Тәуелсіздік жылдарында қоғамымыздың барша қазақстандықтарды біріктіретін және елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтары қалыптасты. Олар "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының негізіне айналып, "Нұр Отан" партиясының жаңа Саяси доктринасында бекітілді. Партия мен оның барлық жақтастарының күш-жігері оларды әрі қарай нығайтуға бағытталуға тиіс" деп тағы бір нықтады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұған қоса: нұротандықтарды ел бірлігін одан әрі нығайта түсуге, саясатта көшбасшы болуға, ел экономикасын модернизациялауға әрдайым үлес қоса білетінін, бұл көште олардың ұстанған қадамы нық екенін де сөз етті. "Партия мерейтойында мен бүгін барша әріптестеріме партияның қалыптасуына, оның Отанымыздың өркендеуі жолындағы жұмысына қосқан үлестері үшін шынайы алғысымды білдіремін! Барлық партия мүшелері мен барша қазақстандықтарға татулық пен бақ-береке және Отанымыз - Қазақстан Республикасының ұлы болашағы жолында барлық игі мақсаттарға қол жеткізулерін тілеймін" деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети