02 сәуір 2014 21:14

Елбасы шенеуніктерге тілдік теңдікті сақтауды ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Аkorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©Аkorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев жұмысқа қабылдауда қызметкерлерді тіліне қарай алалайтын шенеуніктерді жөнге келтіру керек деп есептейді. Бұл туралы ол Парламент Мәжілісінің отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев жұмысқа қабылдауда қызметкерлерді тіліне қарай алалайтын шенеуніктерді жөнге келтіру керек деп есептейді. Бұл туралы ол Парламент Мәжілісінің отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейбір пысық шенеуніктер жұмысқа қабылдауда белгілі бір тілді немесе тағы бірнәрсені білудің міндетті екенін айтады. Ондайлардың есін жинату керек, мұнымен прокуратура айналысуы тиіс. Тілдер бойынша бізде бәрі айтылған. Теңдік жөнінде де бәрі айтылған. Ешнәрсені ойдан шығарудың қажеті жоқ", - деді Елбасы.

Президент егер елде біреу ұлты, тілі немесе дініне қарай теперіш көретін болса, оны бүкіл қазақстандыққа көрсетілген теперіш деп түсіну керектігін айтты. "Конституцияда нақты жазылған: діні, ұлты, тілі бойынша алалауға тыйым салынады. Барлық қабырғаға, барлық жерге түгел осыны жазып қою керек", - деді ол.

"Қазақ тіліне келсек, бұл - мемлекеттік тіл. Қазір міне, жүргізілген сауалнамаға қарағанда тұрғындардың 76%-ы оған оң қарайды. Мен тілді балалардың тез меңгеріп алатынын айтып тұрмын. Мен айтқандай, 2025 жылға қарай балаларға 1-сыныптан 10-сыныпқа дейін тілді оқытып шығарған кезде әңгіме басқаша болады. Біздің бәріміз қырағы болуымыз қажет. Ұлтаралық қатынас мәселесі - сондай нәзік мембрана. Біреуінің біреуінен басым болуы ешқашан жақсылыққа апарған емес. Біз оны жақсы білеміз", - деді Елбасы.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети