Елбасы шейх Сұлтанның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

19 Қараша, 17:43
0
Елбасы шейх Сұлтанның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты - © REUTERS
© REUTERS

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шейх Сұлтан бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бауырыңыз әрі Біріккен Араб Әмірліктерінің абыройлы саяси қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Нахаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Шейх Сұлтан Біріккен Араб Әмірліктерінің аяқтан тұрып, гүлденуіне ерекше үлес қосқан тұлға ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін.

Осынау сын сағатта, Аса құрметті Президент мырза, Сізге және отбасыңыздың мүшелеріне сабыр тілеп, азалы көңілімді білдіремін", - делінген Елбасының жеделхатында.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай