Елбасы Шөмішбай Сариевтің отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Шөмішбай Сариевтің отбасына көңіл айтты Фото: akorda.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Шөмішбай Нағашыбайұлы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты ретінде ұлттық әдебиетіміз бен руханиятымыздың дамуына сүбелі үлесін қосып, артына мол мұра қалдырды. Ол қалың оқырманға лирикалық жырларымен қатар көптеген ән мәтіндері арқылы кеңінен танылған талант иесі болатын.

Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қарымды қаламгер, дарынды тұлға, абзал азаматтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, бүгін ақын Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озғаны белігі болды. Ақын қазасы туралы толығырақ мәлімет әзірше жоқ. 

Шөмішбай Сариев сөзін жазған "Ғашықтар жыры" мен "Бозжорға" әндерінің шығу тарихы қандай?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети