26 қаңтар 2021 11:57

Елдегі ауру өсімінің 40 пайызы үш аймаққа тиесілі - Цой

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның қай өңірінде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға тиіс бақылау жоғын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның қай өңірінде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға тиіс бақылау жоғын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"26 қаңтар бойынша "қызыл" аймақта жеті өңір: Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға тиіс бақылау жоқ, сондықтан елдегі ауру өсімінің 40 пайызы осы аймақтарға тиесілі. Осыған байланысты бұл өңірлердегі әкімдер тиімді, оң шектеу шараларын қабылдап, олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етуі қажет", - деді Цой Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Оның айтуынша, ел бойынша ауру өсімі 2020 жылдың қарашасынан бері байқалып келе жатыр. Желтоқсанда қарашамен салыстырғанда 1,2 есе өсім байқалады. 

"Ауру өсімі қаңтарда да байқалады", - деді министр.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети