03 мамыр 2022 10:00

Елдегі өрт, Украинадағы жағдай. Демалыста Қазақстанда және әлемде не болды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бес мыңға жуық қазақстандықты алдаған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды. Қазақстанда өрттен келген шығын 9 миллиард теңгеден асты. Анджелина Джоли Украинаға келді. Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 


Бес мыңға жуық қазақстандықты алдаған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды. Қазақстанда өрттен келген шығын 9 миллиард теңгеден асты. Анджелина Джоли Украинаға келді. Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

Ақтау маңында қоқыс полигонынан өрт шықты 

Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы қоқыс полигонында өрт болды. Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқали негізгі өрт сөндірілгенін мәлімдеді. Қазіргі таңда негізгі өрт ошағы сөндірілді. Жан-жақтан шығып жатқан өрттер күшейіп кетпеуі үшін айналасы топырақпен қоршалды. Мұнайлы ауданы төтенше жағдай қызметінің жеке құрамы және "Маңғыстау жылу" МКК-ның ұжымы толық жұмылдырылды. 

Фото: Lada.kz 

Қазақстандық өнерпаз Ресейдің "Балалар дауысы" жобасында үшінші орын алды 

Шымкенттік 11 жастағы Сағын Өмірбайұлы "Балалар дауысы" шоуының суперфиналына өтіп, үшінші орын иеленді. Ол жобаның суперфиналында "Единственная моя" әнін орындады. Жоба жеңімпазы Егор Крид командасының сегіз жастағы мүшесі Аделия Загребина болды. Оған көрермендердің 40 пайызы дауыс берді. 

Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады. "Мамырдың осы мамыражай мерекесі - еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы. Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр. Тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер тұтаса келе ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ. Мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай, жаһандық сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз", - делінген құттықтауда

Танымал талғарлық фотограф Александр Петренко қайтыс болды 

Оқиға сенбі, 30 сәуірде болған. Сағат 18.00 шамасында 2003 жылғы жүргізуші қытайлық мотоциклмен Рысқұлов көшесінде Euphoria кешенінің жанында фотографты қағып кеткен. Петренко ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Сағат 22.30-да қайтыс болды. Александр Петренко өмір бойы фотоөнермен айналысқан. Зейнетке шыққаннан кейін де сүйікті ісінен ажырамаған. 

Бес мыңға жуық қазақстандықты алдаған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды 

Көкшетауда қаржы пирамидасының басшысы сот алдында жауап береді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын - 147 миллион теңге. Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, 147 миллион теңгеден аса шығын келтірген қаржы пирамидасы туралы іс Степногорск қалалық сотына жолданды. Тергеу барысында Степногорск қаласының тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы табыстың жылдам өсуі туралы ақпарат таратып, 5 мыңнан астам адамды алдағаны анықталды. 147 миллион теңгені иеленіп, ұйымдастырушы қоңырауларға жауап беруді тоқтатты. Зиянкес 2018 жылы салымшыларды тарту үшін сегіз инвестициялық бағдарлама (тәсіл) құрды. Инвесторларға салым сомасына байланысты жедел төлемдер уәде етілді. Күдікті өз компаниясының сенімділігі мен әлеуетті салымшыларды адастыру үшін әлеуметтік желілерде оның және басқа да салымшылардың бизнес-класс автомобильдерін сатып алғаны туралы ақпарат таратты.

Павлодардағы колонияда сотталушы аузын, көзі мен құлағын тігіп тастаған

Павлодардағы колониядағы сотталған ер адам аузын, көзі мен құлағын тігіп, аштық жариялады. Сонымен қатар, ер адам ел Президентіне видеоүндеу жасап, колониядағы қызметкерлерге шағымданған. Бұл деректі Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті тексереді. Видеодағы ер адам өзін Тустам Сагитов деп таныстырады. Ол қылмыстық іс бойынша өтініштерін қажет инстанцияға жібермеген колония қызметкерлерінің аты-жөнін айтты. Ер адам аштық жариялап, 12 сәуірден бері тамақ ішпеген. Сонымен қатар, видеода ер адам көзін, аузы мен құлағын тігіп тастағаны көрсетілген. Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті мәліметінше, ер адам бұған дейін де соттың шешімімен келіспей, бірнеше рет өзін зақымдаған. Видеоүндеу бойынша қажет тексеріс жұмыстары басталған

Қазақстанда өрттен келген шығын 9 миллиард теңгеден асты 

Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков 2021 жылы Қазақстанда өрттен келген шығын 9 миллиард теңгеден астам болғанын айтты. Вице-министрдің мәліметінше, 2021 жылы Қазақстанда 12 256 өрт тіркелген, олардан 9 миллиард 336 миллион 665 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген. Өрттен 413 адам қаза тауып, 429 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Атырау облысындағы көлден жарты тонна өлі балық табылды 

Алмағамбет көлінде - 507 келі, Безымянный көлінде тағы 65 келі өлі балық табылған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов мәлімдеді. Қазіргі уақытта Орал-Каспий бассейндік инспекциясының 40 қызметкері және Алға ауылынан сегіз жұмысшы жұмылдырылды. Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы өңірдегі 200 су қоймасының 70-ке жуығы қауіпті санатқа жатқызылып, қатаң бақылауда екенін айтты.

Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары телефон арқылы сөйлесті 

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті. Үкімет басшылары сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика және өзге де маңызды салалардағы өзара іс-қимыл келешегін талқылады.

Анджелина Джоли Украинаға келді 

Танымал актриса Анджелина Джоли Украинаға келді. Бұл туралы сенбі, 30 сәуірде украиналық БАҚ-тар хабарлады. OBOZREVATEL украиналық порталының журналисі Майя Подгородецкая Джоли Львовтегі кафеге кірген кезіндегі видеоны бөлісті. Оның сөзінше, журналист актрисаны кафеде көремін деп күтпеген. Артынша актриса Львов орталығында украиналықтармен сөйлесіп, тұрғындармен суретке түскен.

© facebook/Ukrzaliznytsia 

Кремль Украинадағы соғыста сүңгуір қайықтан зымыран соққысын жасағанын мәлімдеді 

Ресейдің әскери қолбасшылығы Украинамен соғыста соққы беру үшін суасты флотын қолданғанын алғаш рет мәлімдеді. 29 сәуірде ресейлік Қорғаныс министрлігі Украинадағы жердегі нысандарға "Калибр" круиздік зымырандарымен соққы бергенін, ол Қара теңізде орналасқан дизельді сүңгуір қайықтың бортынан түсірілгенін айтты. Мәлімдемемен қатар видео тарады. Кадрларда белгіленбеген жерде су астынан екі зымыран тікелей ұшқаны көрсетілген. Батыс сарапшылары соғыста қарудың жаңа түрі қолданылған сайын жанжалдың әдеуір ушығу қаупі барын айтады.  

 

Пәкістанның экс-премьері құдайға тіл тигізді деген айыппен өлім жазасына кесілуі мүмкін 

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханға құдайға тіл тигізді деген айып тағылды. Енді ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өлім жазасына кесілуі мүмкін. Dawn басылымының мәліметінше, Мұхаммед Наим есімді тұрғынның арызынан кейін бұл істі Пенджаб провинциясының полициясы Ханға және тағы 150 адамға, соның ішінде бірнеше бұрынғы министр мен "Техрик-и-Инсаф" партиясының негізгі мүшелеріне қарсы қозғады. Шағымда Хан мен оның жақтастары өткен бейсенбіде жаңа премьер-министр Шехбаз Шарифтің Сауд Арабиясына сапары кезінде оған қарсы шеруге қатысқаны айтылған. Пәкістанның жаңа премьер-министрі мен оның делегация мүшелері Мединадағы әл-Масжид-әл-Набауи мешітіне барғанда, жүздеген адам Шарифке қарсы ұрандар айта бастаған.

Фото: ©REUTERS

Мұхаммед Әлидің немересі қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді 

Мұхаммед Әлидің немересі Нико Әли Уолш (5-0, 4 КО) кәсіпқой бокста кезекті рет жеңіске жетті. Бұл жолы ол Лас-Вегаста 72,6 келіге дейінгі салмақта отандасы Алехандро Ибаррумен (7-2, 2 КО) қолғап түйістірді. Бірінші раундта екі соққы өткізген Ибарру нокаутқа түсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети