14 желтоқсан 2023 12:34

Электрмобиль сату: прокурорлар Қазақстандағы заңбұзушылықтар туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Электрмобильдерді сату кезінде жосықсыз бәсекелестік анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.


Электрмобильдерді сату кезінде жосықсыз бәсекелестік анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке пайдалану үшін жылына тек 1 машинаны әкелу шарты бар.

"​Алайда іс жүзінде электрмобильдер жеке пайдалану үшін рәсімделгенімен кейіннен қайта сатылуға әкелінген, оның ішінде 8 автосалонмен де. Тек Алматы бойынша көлік прокурорлары осындай 34 қайта сату белгілерін анықтаған, онда мемлекеттің болжамды шығындары 100 миллион теңгеден асады.

​Мұндай жағдайда мемлекеттік қазынаға зиян келтіруден басқа, салауатты емес бәсекелестікке жол берілген, бұл көбінесе адал бизнесті банкрот деп танылуына әкеледі", - делінген хабарламада.

​Бұл электрмобильдерге қатысты кеден саласындағы жалғыз мәселе емес.

​"Мемлекеттік кіріс органдары оларды кедендік тазарту кезінде заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етпейді. Мысалы, "Li Auto" (Li 7 және 9) маркалы автокөліктің жағдайы. Уәкілетті органның ұстанымына сәйкес бұл көлік электрмобиль болып табылады.

​Осындай реттерде, 141 бірдей автокөлікке кеден өкілдерімен және декларанттармен 7 жағдайда гибрид коды қолданылған, бұның өзі бюджетке шамамен 80 миллион теңгенің негізсіз төленуіне және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырған. Ал кеден органдары уақтылы бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды қабылдамаған".

Бүгінде көлік прокуратура енгізген ұсынысы бойынша мұндай тәжірибені жою және декларанттарға (гибридті ретінде ресімделген автомашиналардың меншік иелеріне) ақша сомаларын қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Сондай-ақ, кінәлі қызметкерлерді тәртіптік, ал кеден брокерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатықаны айтылды. Қылмыс белгілері бар жекелеген материалдар қылмыстық қудалау органдарына жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети