18 қазан 2022 18:08

Электрсамокатшылар көлік жүргізушілеріне теңестіріледі - ІІМ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Электрсамокатшылар енді көлік жүргізушілеріне теңестіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Электрсамокатшылар енді көлік жүргізушілеріне теңестіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді. Мұратәлиев бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі "электрсамокат" тұжырымдамасына стандарттар әзірлегенін еске салды.

"Бізде жол қозғалысы туралы заңда да, жол қозғалысы ережелерінде де "электрсамокат" ұғымы жоқ. Сондықтан биыл сауда министрлігі "электрсамокат" ұғымы стандартын әзірлеуді аяқтады. Енді осы стандарт негізінде "Жол қозғалысы туралы" Заңға және жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгіземіз. Осыдан кейін әкімшілік шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта олар (электрсамокатшылар - еск.) көлік құралының жүргізушілері ретінде емес, "жол қозғалысының өзге қатысушылары" ретінде ғана жазаланады", - деді ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, велосипедшілерге қатысты да әкімшілік шаралар қолданылады. Мұратәлиев жыл басынан бері елімізде 216 мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Бұл статистикаға велосипедшілер мен электрсамокатшылар да кіреді. Себебі жол қозғалысы ережелеріне сәйкес бұл көлік құралдарының иелері белгіленген жерлерде жаяу жүру тәртібімен ғана өтуі керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети