10 тамыз 2020 15:33

Еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды - Денсаулық сақтау министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады. Бірақ босаңсуға болмайды. Ендігі міндет - вирусты жұқтыру мен болып жатқан өлімді тоқтату", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі. 

Статистика бойынша, биыл 13 наурыздан бастап, Қазақстанда 99 442 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, жазылып шыққандар саны - 72 523 (72,9 пайыз), стационарларда 4713 адам және амбулаторлық жағдайда 20937 адам ем қабылдап жатыр.  

"Науқастардың арасында 246 адамның денсаулығы нашар, 69 адамның денсаулығы - өте нашар деп бағаланады. Жалпы 70 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр", - деді Бағдат Қожахметов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети