Елімізде биыл қай өңірлерде 10 сотық жерді тегін алуға болатыны анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Максим Рожин © Максим Рожин

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері қазақстандықтарға жеке тұрғын үй құрылысына тегін 10 сотық жерді беру тәртібі туралы түсінік берді. Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында ведомство өкілдері қазіргі уақытта тегін жер алу кезегінде 1 миллион 129 мың қазақстандықтың тұрғанын хабарлады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері қазақстандықтарға жеке тұрғын үй құрылысына тегін 10 сотық жерді беру тәртібі туралы түсінік берді. Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында ведомство өкілдері қазіргі уақытта тегін жер алу кезегінде 1 миллион 129 мың қазақстандықтың тұрғанын хабарлады. 

Тізімде алматылықтар көп екен - 112 546, Астанада - 101 234, Ақтөбе облысы - 129 445, Алматы облысы - 84 540, Ақмола облысы - 100 832, ОҚО - 139 807. 

Министрліктегілер Қазақстан азаматтарының 10 сотық жерді тегін алуға құқы бар екенін еске салды. Алайда жергілікті атқарушы органдар коммуникация жүргізілген жағдайда ғана береді екен. 

Елімізде бұл норма қабылданғалы бері жеке тұрғын үй құрылысы жерлерін алуға 1 547 141 өтініш түсіпті. 2005 жылдан бастап қазақстандықтарға 417 949 жер учаскесі берілді: ОҚО - 81 190, Ақмола облысы - 40 147, Алматы облысы - 59 169, Маңғыстау облысы - 43 276. Астана мен Алматыда 10 жыл ішінде халыққа 1447 және 26 444 жер учаскесі беріліпті.  

"Жеке тұрғын үй құрылысына берілетін тегін жер учаскелерін алу үшін азаматтың басында мемлекет тарапынан берілген жер учаскесі болмауы керек", - деп хабарлады ҚР ҰЭМ өкілдері.

Сонымен қатар, биыл Ақтөбе облысында 7391 жер учаскесі беріледі, Алматы облысында - 11 511, Батыс Қазақстан облысы - 1748, Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы және Шығыс Қазақстан облысы. Алматы мен Астана қалаларында, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Атырау облыстарында жеке тұрғын үй құрылысына жер беру жоспарланып отырған жоқ. 

Ведомствоның мәліметінше, азаматтардың жер алу туралы өтінішін жергілікті атқарушы орган алаң мен территория бос болған жағдайда қанағаттандырады. "Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелері су және электр желілерімен қамтамасыз етілген жерлерде беріледі. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген елді мекендерде жер учаскелері электр желілері бар болған жағдайда ғана беріледі", - деді Ұлттық экономика министрлігіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer