Елімізде денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өседі - Болжам

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ves-novgorod.ru © ves-novgorod.ru

Биыл еліміздегі денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 14 пайызға өскен. Сонымен қатар олардың сатып алу қабілеті де 8 пайызға артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл еліміздегі денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 14 пайызға өскен. Сонымен қатар олардың сатып алу қабілеті де 8 пайызға артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Сондай-ақ елімізде денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің көлемі бір жылда 21 пайызға артқан. 2019 жылдың І тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы қызметкерлердің жалақысы да өскен. Ол 13,8 пайызға артты.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, биыл маусым айының соңында денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің жалақылары 30 пайызға артады. Бірақ оның өсуі, қызметкердің білігі мен еңбек өтіліне байланысты болады.

Сонымен қатар 2019 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызметтер көлемі 292,7 миллиард теңге болды, бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда бірден 21 пайызға артық. 

Айта кетейік, биыл 27 ақпанда "Нұр Отан" партиясының XVIII кезекті съезінде Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған еді. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын өсіру осы жылдың 1 маусымына ауыстырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro