09 тамыз 2016 08:21

Елімізде дизель отыны қымбаттап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© abctv.kz © abctv.kz

Кешелі бері еліміздің кейбір аймақтарында жағармай бағасы көтерілді, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.


Кешелі бері еліміздің кейбір аймақтарында жағармай бағасы көтерілді, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Осыған дейін жағармайдың шекті құнын мемлекет белгілеуді доғарғаны хабарланған еді. Сала мамандары бұған бірнеше себеп бар деп отыр екен. Тілшілердің мәліметінше, мамандар әуелі бұл - еліміздегі дизель отынын көрші мемлекеттер көптеп сатып алмас үшін қолға алынған шара болып отыр.

"Сарапшылардың айтуынша, егер отандық жағармай сыртқа шамадан тыс шығарылса, ішкі нарықта дефицит пайда болады", - деп хабарлады телеарна.

Ал "Астана" телеарнасының мәліметінше, Энергетика министрлігі жанар-жағармай түрінің бағасы 115 теңге шамасында болады деген еді. Қазір баға әр аймақта әртүрлі. Мәселен, Шымкент пен Алматыда баға 107-108 теңгеден. Астанада кей бекеттерде баға көтерілмеген, 99 теңгеден сатылса, енді бірінде 108 теңгеден саудаланып жатыр. Ең қымбат дизель Оралда, 125 теңгеге жетіп рекорд орнатты. Қазір қаладағы жанармай құю бекеттерінде дизельдің ең арзаны 108 теңгеден сатылып жатыр. Мұны сала мамандары отынның осы түріне сұраныстың артқанығымен түсіндіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети