10 қаңтар 2018 | 09:37

Елімізде жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа жәрдемақы түрін енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа жәрдемақы түрін енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын. Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады", - деді Елбасы Жолдауында.

Айтуынша, 2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болады.

"Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайды. 2016-2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейгенін еске салғым келеді. Базалық зейнетақы, жалпы алғанда, 29 процентке, ынтымақты зейнетақы 32 процентке, бала тууға байланысты жәрдемақы 37 процентке, ал мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақының әрқайсысы 43 процентке өсті", - делінген Жолдауда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жалақысы 28 процентке дейін, білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 29 процентке дейін, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің жалақысы 40 процентке дейін, "Б" корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 30 процентке, стипендиялар 25 процентке өскенін еске салды.

"Дағдарыс заманы. Әйтсе де, әлемнің санаулы ғана елдері әлеуметтік салаға жұмсайтын шығындарын осылай арттыра алды. Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты. Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табыстарын көбейтеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артты. Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 процентке дейін өсті", - деді Назарбаев.

Мұнымен қатар, Елбасы 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетінін мәлімдеді.

Ал мұның алдында Президент елімізде мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтқан еді. 

Айта кетейік, бүгін, 10 қаңтарда Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні жарияланды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети