15 шілде 2016 15:05

Елімізде жұмыссыздар саны 443 мың адамға жетіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Mail.ru © Mail.ru

Биыл жұмыссыз немесе өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтушы қазақстандықтардың жартысынан көбі жұмыспен қамтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.


Биыл жұмыссыз немесе өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтушы қазақстандықтардың жартысынан көбі жұмыспен қамтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

"Бүгінде экономикада 8 миллион 907 мың адам жұмыспен қамтылған. Экономикалық белсенді халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 95 пайызға жетті. Жұмыс істейтін азаматтардың арасында жалдамалы жұмысшылар саны 6 миллион 235 мың адам немесе 74 пайыз, өздігінен жұмыспен қамтылғандар - 2 миллион 228 мың адам. Оның ішінде өнімді түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 1 миллион 809 мың, тиімсіз түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 418 мың адам. Жұмыссыздар саны 443 мың адам, жұмыссыздық деңгейі - 5 пайыз болып отыр. Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас) - 4,3 пайыз, әйелдер арасындағы жұмыссыздық - 5,6 пайыз", - деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарын дамытуды қарастыратын екінші бағыт бойынша микрокредиттеуге 30,8 миллиард теңге бөлінді, 2 871 адам микрокредит алды.

Оқыту және қоныс аудару, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қарастыратын "ЖҚЖК 2020" бағдарламасының үшінші бағыты аясында 4191 адам кәсіби оқумен қамтылды.

11 мың 647 адам орташа айлық жалақы мөлшері 53 мың 80 теңгені құрайтын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Жастар практикасына 8 мың 558 адам бағытталды.

Жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға 320 отбасы көшті (672 адам). 424 жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің 319-ы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 314 адам.

"Барлық шараларды қолға ала отырып, кешенді жоспар бойынша 417 мың адамды жұмысқа тартуды көздеп отырмыз. Осы жылдың 1 шілдесінде осы бағыт бойынша жұмыстың нәтижесінде 225 мың адам қамтылды, бұл дегеніміз жоспарлағанымыздың 54 пайызын құрап отыр", - деді Нұрымбетов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети