09 ақпан 2021 13:42

Елімізде қаңтарда тұрғын үй бағасы қалай өзгерді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда қаңтарда тұрғын үй нарығындағы ұсыныстардың орташа бағасы 2,3 пайызға өсті. Қай өңірде елеулі өзгерістер болғанын Krisha.kz сарапшылары айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда қаңтарда тұрғын үй нарығындағы ұсыныстардың орташа бағасы 2,3 пайызға өсті. Қай өңірде елеулі өзгерістер болғанын Krisha.kz сарапшылары айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ең көп өзгеріс Петропавл мен Павлодарда болды, онда индекс 5,2 пайызға өсіп, тиісінше бір шаршы метр бағасы 308 425 және 255 650 теңгеге жетті.

"Өскемен мен Көкшетауда өсім 4,8 және 4,2 пайыз: үйдің шаршы метріне 296 625 және 263 575 теңге. Қызылордада баға үш пайызға артып, 156 625 теңгеге жетті. Ал Қостанай мен Атырауда тұрғын үй екі пайыздан төменге қымбаттады: бір шаршы метрге 253 825 және 283 150 теңге", - деді сарапшылар. 

Баға екі қалада төмендеді: Оралда 3,2 пайызға және Ақтауда 4,6 пайызға, тиісінше онда бір шаршы метрге 228 725 және 191 875 теңге төлейсіз.

Портал өкілдері қаңтардың екінші жартысында бірқатар қалада бағаның өсу қарқыны артқанын атап өтті.

"Бірақ бұл Зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі бойынша көш бастап тұрған өңірлерде емес. Еске салайық, БЖЗҚ мәліметінше, артық қаражаты бар салымшылардың көбі Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Маңғыстау және Атырау облыстарында тұрады. Бұл аймақтарда тұрғын үй бағасының жоғарылауы байқалмады", - дейді сарапшылар.

Бұған дейін Қазақстанда пәтер қымбаттағаны белгілі болған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында жаңа тұрғын үй үш пайызға, қайталама нарықтағы пәтерлер бір айда бес пайызға өскен. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети