Елімізде кинотеатрлар 26 қазаннан бастап ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде кинотеатрлар 26 қазаннан бастап ашылады

Елімізде кинотеатрлар 26 қазаннан бастап ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берген. Нәтижесінде ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдаған.

"Біріншіден, шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі:

2020 жылдың 26 қазанынан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту;
Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу;
шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу", - делінген хабарламада.

Екіншіден, 2020 жылғы 19 қазаннан бастап Қазақстандағы көптеген өңірлік зертханада ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Үшіншіден, ауру өсімі болмаған жағдайда, "жасыл" тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңмен қайта жандандырылады.

"2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды. Ал 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды", - делінген хабарламада.
Төртіншіден, еліміздегі шектеу шараларын сақталады.

"Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады", - делінген хабарламада

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +28
Ақтау +29
Ақтөбе +30
Атырау +24
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +28
П
Павлодар +31
Петропавл +26
С
Семей +28
Т
Талдықорған +33
Тараз +36
Түркістан +30
О
Орал +24
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер